Ұлыбританияның Қазақстандағы жаңа Елшісі Салли Аксуорси өз командасымен бірге Primus Capital компаниясының басшылығымен кездесті.
Келіссөз барысында екі жақ қолданыстағы жобалармен қатар, жаңа бастамаларды дамытуға арналған алдағы бағыттарды талқылады. Әсіресе, ортақ білім беру жобалары мен сұранысқа ие салаларға инвестиция құю арқылы Қазақстандағы британдық ықпалды кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Елші ханым Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалар екіжақты қатынастарды нығайтуға және жас мамандар мен болашақ көшбасшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мол септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ, ол Primus Capital компаниясының жаңа жобаларын жүзеге асыруға көмектесіп, қолдау көрсететінін білдірді.
Бұған дейін, Аксуорси ханым Primus Capital-дың білім беру жобаларымен танысып, Coventry University Kazakhstan британдық университет кампусы мен Ardingly College беделді британдық оқу орнының Қазақстандағы тұңғыш филиалы - Ardingly Astana мектебін аралап көрді.
«Мен халықаралық білімнің өзара түсіністікті қалыптастыруда және екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуда үлкен рөл атқаратынына сенемін. Осындай бастамалардың сәтті түрде дамуы үшін, жергілікті сенімді серіктестердің болуы аса маңызды. Мен Primus Capital компаниясын дәл осындай серіктес ретінде көріп отырмын», — деп атап өтті Салли Аксуорси ханым

Біз туралы жаңалықтар
Ақтөбе облысында әлемдік цемент өндіруші зауыт салынады

Press Release
Ақтөбе облысында жоғары технологиялы цемент зауытының құрылысына капсула салу рәсімі өтті
